“Алинур”бөбекжай бала-бақшасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №1 филиалы » «Алинур» бөбекжай-балабақшасы» №1 филиалы
«Алинур» бөбекжай-балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
№1 филиалы
БСН:170641001256
Қабылдау бөлімі:
+7(707) 194-98-77
"Әдіскер:
+7(707) 194-98-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Алинур”бөбекжай бала-бақшасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №1 филиалы
01
маусым
2026

“Алинур”бөбекжай бала-бақшасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №1 филиалы

“Алинур”бөбекжай бала-бақшасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №1 филиалы 2018 жыл балабақшаға арнап салынған.    
Балабақшаның техникалық жағдайы:
Ғимарат-2 қабатты
Ғимараттың жалпы көлемі – 4200 кв 
Литер А. - 2 қабатты 1839,5 кв 
Литер В.- 2 қабатты 1063,6 кв
Құрылыс ауданы – 1469 ш/м

Балабақша ауласы көгалдандырылған, серуенге арналған алаңдар мен ойын алаңдары бар.

Ғимаратта әдістемелік бөлме, психолог бөлмесі, логопеда бөлмесі, саз-әуен залы,  медициналық арнайы бөлме, көкөніс қоймасы, азық-түлік бөлмесі, кір жуу бөлмесі бар. Балабақша сенбі, жексенбі күндерінен басқа 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақыты таңғы сағат 8.00 мин. кешкі сағат 18.30 мин. Оқу тілі – қазақша.

Қуаттылығы – 350, тәрбиеленушілер саны - 318.

Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынегізінде балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау.

Балабақшаға 1 жас пен 6 жас аралығындағы балалар келеді.

Балалар ED-24kz базасына кезекке турады, ваучер берілген соң белгілі ережеге сәйкес топтарға орналастырылады.

2025-2026 оқу жылында балабақшада қыркүйек пен қазан айларында дейін 14 топ жұмыс істеді, қараша айынан бастап 13 топ жұмыс жасап жатыр. 

Бүгінгі күнде балабақшада 16 педагог-тәрбиеші, 23 тех.қызметкер жұмыс жасайды.

Балабақша Шымкент қаласы мектепке дейінгі білім беру орындарында балаларды тәрбиелейтін, басқа балабақшалардың тәрбиешілерінің тәжірибе алмасатын білім беру мекемесі болып табылады. 

Балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жалпы саны – 59.  Кіре берісте пандус орнатылған.  Дабыл түймесі орнатылған, тәулік бойы нысан күзетшілермен күзетіледі. Кіре беріс қақпаға   домофон орнатылған. Тактильді жолақша бар.

Әр топ Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жабдықталған.


Психолог кабинетінің жабдығы: Монтессори элементтері, құм-терапиясы, құрғақ душ, доптар, балалар ас үйі.

Логопед кабинетінің жабдығы: магнит тақтасы, айна, қол ұсақ моторикасы материалдары, массажға арналған  доптар.

Ән-күй залының жабдықталуы: фортопиано, проектор, экран, музыкалық орталық.

Дене шынықтыру залы: доптар, үлкен доп, фишка, секртпе, шығыршық, бодментон, теннис, қап, кегли, арқан, ағаш баспалдақ, массаж кілемшесі, төсек пен  жабдықталған.

Балабақшада ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызмет жасайды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив